951Колледж студенттері «№1 Қызылорда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде концерттік бағдарламамен болып қайтты.
Қазақ – қариясын сыйлаған халық. «Еліңнің болашағын білгің келсе, жастарыңды көрсет» - дейді дана халқымыз. Бұл жолда біздің студенттер игі істен іркілмеді.
«Әр қария – әулеттің тірегі, отбасы ұйытқысы, жастардың қамқоршысы. Олай болса, қарттарымызды қолдан келгенше қадірлеп, мерейін асырып жүру біздің азаматтық борышымыз болуы шарт»- дейді жастар.
Мерекеге орай дайындалған студенттердің арнайы концерттік бағдарламасына қарттардың көңілі көтеріліп, бір уақыт сергіп қалды. Арулар би билеп, мерекеге орай арнаулар оқылды. Көңілдерін шаттыққа бөлеген патриоттық әндер шырқалып, қарттарымызға құрмет көрсетілді.
Сонымен қатар, қарттарға мерекелік сый-сияпаттар жасалды.
Шара барысында «№1 Қызылорда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету” коммуналдық мемлекеттік орталығына “Тәрбие және мәдени-көпшілік шараларды ұйымдастыру” бөлімінің әдіскері Айжан Адамбаева ұлттық мерекемен тұспа-тұс келген «Әлеуметтік қызметкерлер күнімен» орталық мамандарын құттықтай отырып, колледж директоры Көктем Ақарысұлының Алғыс хат табыстады.
Мерекелік кеш соңында, орталық басшылығы мен қызметкерлері, колледжіміз бен белсенді студенттерге ризашылығын білдірді.

952

953

954

955